Сайрамда жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілікке тартылу жағдайы сөз болды

Түркістан облысы Сайрам ауданы полиция басқармасы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзұшылықтың алдын алу және зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллингті болдырмау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге полиция инспекторы С.Беркинбаева мен білім бөлімінің жауапты мамандары және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде мектеп оқушыларына қойылатын талапты қатаң сақтап, ережелерін ұстану және кешкі 22:00 — ден кейін ата-ана мен заңды өкілінсіз үйден тыс жерлерге шықпау, кешкі мезгілде компьютерлік ойынханаларға бармау, автокөлік басқармау керектігі жайлы ескертілді. Сонымен қатар оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, жасөспірімдер құқық бұзушылық жасағанда қандай жауапкершілік қарастырылғаны және қандай тәртіп бойынша өтеуі бар екендігі туралы толық баяндама жасалды.