Сайрамда интернет жылдамдығы артады

Технологияның қарқынды дамыған заманында күнімізді интернетсіз елестету мүмкін емес. Әр бір ісіміз бен, жұмысымыз, құжаттандыру, білім саласы барлығы интернетке тәуелді. Президент Қамым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты Жолдауында: «Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», — деп айтты.

Осыған сәйкес «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі интернет жылдамдығын жақсарту үшін 2020 жылы Теспе елді мекеніне антена қойылып, (Beeline, Aktiv, Tele2) байланыс желілері орнатылып пайдалануға берілген болатын.

Сонымен қатар, былтыр М. Оразалиев елді мекенінде «Beeline»АҚ тарапынан мұнара орнатылып, интернет жылдамдығы артқан. Бүгінде аталған елді мекенге aktiv және tele2 байланысын орнату жұмыстары жүргізілуде. Биыл да осындай келелі жұмыстар жалғасын тауып Ханқорған, Қосбұлақ, Шапырашты ауылдарында интернет қосу үшін жер учаскесі белгіленіп, мемлекет тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілген. «Beeline» АҚ тарапынан Шапырашты елді мекенінде желі мұнарасын орнату жұмыстары басталды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі