Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде инклюзивті оқу-ағарту бойынша трениңдер басталды

Петропавлов, 11 шілде. — «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі 4000-нан астам мүгедектігі бар бала тұратын Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде инклюзивті білім беру қағидаттарын ілгерілетіп жатыр. Жоба «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қорымен «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен өңірдің мектептері мен колледждерінде команда «Маған теңдей қара» атты 10 практикалық трениң өткізді. Студенттер мен оқушылар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасымен танысып, іс жүзінде тірек-қимыл аппараты немесе көру қабілеті бұзылған адамға жағдаяттық көмек көрсетуді үйренді.

Жоба жетекшісі Ақжан Кәрім мұндай кездесулер мен практикалық трениңдер оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін салауатты бәсекелестік ортаны құруға көмектесетінін атап өтті.

Сондай-ақ, команда облыстың 150 инклюзивті білім беру мекемелеріне мониториң жүргізді. Оның қорытындысы бойынша мектептер мен колледждердің 80% — ы мүгедектігі бар адамдардың барлық санатына қолжетімсіз. Педагог-ассистент, дефектолог, сурдопедагог сияқты арнайы педагогтардың жетіспеушілігі байқалады. Мектептерде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды сапалы оқыту үшін заманауи жабдықтар жоқ. Өңірдегі 4000 мүгедекдігі бар баланың жартысы жалпы білім беретін мектептерде, екінші жартысы үйде немесе арнайы білім беру мекемелерінде оқиды.

Команда инклюзивті білім беру саласындағы 1650 педагог арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға жауап берген педагогдың 60%-ы инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген және ақпараттық-ресурстық қолдау алғысы келеді.

«Біз Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың нақты көрінісін көрдік, ол проблемаларды ғана емес, одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін де көрсетеді. Біз инклюзивтік білім беруді адамдардың белгілі бір санатына емес, барлығына қажет екенін түсіну үшін инклюзивті білім беруге деген көзқарасты өзгерткіміз келеді», – деді «АРДОС-Жүрек» жетекшісі Ақжан Кәрім.

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация бойынша менеджері