Спорт сайыпқырандары универсиадада жеңіске жетті

Шымкенттік спортшылар универсиада тұғырының биігіне көтерілді. Елжана Таниева көркем гимнастика мен доптан, Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрамада (командалық), Никита Чирюкин тапанша атудан, Диана Тұрсынбек садақ атудан 2 -орын иемденді.
Сондай-ақ Елжана Таниева көркем гимнастикадан,Никита Шахторин нысана көздеуден Ұлттық құрама командадан 3-орынды иеленді.
Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Еншімізде 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.

Еліміздің, қаламыздың абыройын асқақтатқан сайыпқырандарымызды құттықтаймыз!