Студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды

Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруда  қоғамның құқықтық тәрбиесіне маңызды роль ойнайды. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.    

2022 жылдың 02 қараша күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан қалалық ІІБ ЖҚП-ның ЮП-ның учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Өндірбай, полиция учаскелік инспекторы, аға лейтенанты Қ.Талас келді. Сонымен бірге, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және колледждің оқытушылары мен студенттері де қатысты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындар да және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары бар екендігін ескертіп, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.

Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.