Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі. Бұл індет біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берілді.

Сондай — ақ, жиынға қатысушыларға жобалық басқару бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп, басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін атап өтті.