Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың ашық­тығы мен айқындығын қамтамасыз ету бо­йын­ша кешенді жұмысты белсенді жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі «Тассай» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиын «Казинжиринг» ЖШС, «Мега смарт» ЖШС және «Казтехниказ» ЖШС, «M Group KZ» ЖШС қызметкерлерімен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірдегі бизнес-қоғамдастығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын түсіндіру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Департамент өкілі Жазира Әлжанова бизнесті қорғау жөніндегі шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілгенін түсіндірді.

Сонымен қатар, кездесулер барысында әрбір өңір үшін әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп,  онда қаладағы білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй және тағы да басқа салалар енгізілгендігін айтты. Басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында мемлекеттік сатып алудағы мәселелер талқыланды.

Жиындарда қатысушылар жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары таныстырылды. 

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың белсенділігі қажеттігін айтты.