Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте: «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» — деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Осыған байланысты, Абай ауданы әкімінің аппаратында ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, аппараттың ресми сайтына орналастырылды.
Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.

2023 жылы аппарат қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар өткізіліп, «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру» бойынша айтылды.

Семинар барысында туындаған өзекті сұрақтарға байланысты аппарат қызметкерлері толық жауап алып, өзара пікір алмасу жүргізілді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мемлекет жүргізіп отырған саясат бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, парақорлық фактілеріне жол бермеу. Осыған ұқсас жиындар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтер электронды түрде қол жетімді, бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық — өте күрделі құбылыс. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

Абай ауданының әкімі​ ​​​ Б.Парманов