Танымды семинар-сабақ өткізілді

Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары халықтың арасында мәдениетқауіпсіздігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде. Солардың бірі — танымды семинар-сабақ. Бұл іс-шараға мамандандырылған жасақтың қызметкерлері, Абай ауданы «JasOtan» орталығының еріктілері қатысты.Семинар-сабақ «Мирас» және «Саз» колледждерінің 2,3 курс студенттері арасында өткізілді.Сабақ Жас Отан орталығының «Cowrking» арнайы алаңында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өрт сөндірушілердің мамандығы туралы қызықты мәліметтер беріліп, улы газдан уланудың алдын алу тақырыбы да қамтылды. Студенттерге арнайы дайындалған имидждік бейнеролик көрсетіліп, өрт сөндіру техникалары мен жабдықтары таныстырылды.

Бәйдібек Әбілқасым Абай ауданы ТЖ басқармасы