Таразда полиция қызметкерлері 150-ден астам адам шақырылған үйлену тойының тағы бір дерегін анықтады

Жамбыл облысының  аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі карантиндік шараларды күшейтті.  Мобильдік топтар  мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуде шектеулерді сақтау бойынша  бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуын бақылау жұмыстарын  жүргізеді деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Адамдар көп жиналатын  және  ойын-сауық орындарындағы  карантин, бетперде кию  режимі ,  әлеуметтік қашықтықты  сақтау  талаптары  тексеріледі және  бақылауда болады.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында  тәртіп сақшылары  қаладағы  тойханалардың  бірінде 150-ден астам қонақ шақырылған  отбасылық  мерекені   өткізу  дерегін  анықтады.

Тойды ұйымдастырушыға  қатысты ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу»  бойынша   материал  жиналды  және  бас санитарлық дәрігердің  талабын  бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін  СЭС-ке жіберілді.

«Облыстың барлық тұрғындарын  азаматтық парызын  көрсетуге және  адам  көп жиналатын орындарға бармауға,  жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге және жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әлеуметтік қашықтықты бұзбауға шақырамыз», — деді  ведомство өкілдері.