Тараз қ. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен түнгі пысықтау кезінде 2021 жылдың 15 қарашасында шамамен 03:00-де жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйел адамның секіруге дайын тұрғандығы жайлы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп жас қызбен сұхбаттаса отырып, оны райынан қайтарып, құтқарып алған.
22 жастағы қала тұрғыны Тараз қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының капитаны Абдрахманов Айдын және полиция аға лейтенанты Мирибилдаев Рауан мен Тараз қ. Полиция Басқармасына жеткізілген, ол өзінің күйзелісте боландығын және суицидке бел бұғандығы жайлы айтқан. Жас қызбен профилактикалық жұмыс жүргізілді, қазіргі таңда психологтармен бірлескен жұмыстар жасалуда.
ЖО ПД баспасөз қызметі