Тараз қаласының полицейлері ноутбук ұрлаған облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады

Ағымдағы жылғы 10 наурызда Тараз қаласы  Полиция басқармасының 1- полиция  бөліміне  жергілікті тұрғын әйел  хабарласып, сол күні, түнгі сағат 03:00-де,  қонақта болған  жігіт  оның «Алсер» маркалы ноутбугін жасырын түрде ұрлап кеткені туралы шағымданған деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Материалдық шығын көлемі 148.000 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының   Полиция басқармасы  1- полиция  бөлімінің  криминалдық полиция  бөлімшесінің  қызметкерлері ноутбук ұрлады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін  толық  мойындады. Материалдық дәлелдеме  зат — ноутбук   тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының  1-бөлігі «Ұрлық»бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Полицейские города Тараз раскрыли бытовое преступление — кражу ноутбука

10 марта т.г. в ОП-1 Управления полиции города Тараз обратилась с заявлением местная жительница передает пресс-служба ДП Жамбылской области. В этот же день, примерно в 03:00 часов ночи, малознакомый парень, будучи у неё в гостях, свободным доступом тайно похитил ноутбук марки «Алсер». Материальный ущерб составил 148.000 тенге.

В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками криминальной полиции ОП-1 УП г.Тараз по подозрению в краже ноутбука был задержан 33-летний житель областного центра. Подозреваемый признал свою вину. Вещественное доказательство «Ноутбук» был изъят и возвращен хозяйке.

В отношении подозреваемого начато досудебное расследования по статье 188 ч.1 УК РК «Кража».