Татулық пен келісім

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы өтті.

Өткен сессияда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелер мен еліміздің бейбіт өмір мен ашық аспан астында жетіп жатқан жетістіктерге тоқталып өтті.

«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – . Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек. Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!» — деп елбасымыз айтып өткендей, бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтап одан әрі елімізді көркейтуге барлығымыз бір адамдай ат салысуымыз тиіс. Алдағы күнде еліміздің бағындырар белестері әлі де көп деп ойлаймын және сенемін!

Исахов Ергеш Сарыағаш ауданы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы