Тауар таңбасын тіркеудің маңыздылығы және кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалану бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні Түркістан облысының Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тауар таңбасын қорғау» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді деп хабарлайды Ntime.kz. Іс-шараға Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және тауар таңбалары құқық иелерінің сенімді өкілі «Болотов и Партнеры» ЖШС қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зиятерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсартуда тауар таңбасын тіркеудің маңыздылығы және кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалану бойынша талқылау жүргізілді.