Тағайындау

ҚР ІІМ М.Ахметжановтың бұйрығымен, департамент бастығының ұсынымен полиция подполковнигі Алмас Мырзахметов Түркістан облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапар таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік, биік абырой тіледі.

А.Мырзахметов ішкі істер саласында түрлі басшылық лауазымдарда абыройлы қызмет еткен білікті маман.