Тез дайындалатын кеспе өндірушісі «Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстанда өндірісті тоқтатуды жоспарламайды

Қазақстандық БАҚ-та тез дайындалатын кеспе өндірісін Қазақстаннан Өзбекстанға көшіру туралы бірқатар жарияланымдардан кейін компания келесіні хабарлайды:

Қазақстанда тез дайындалатын кеспенің жетекші өндірушісі – «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС вьетнамдық-жапондық сауда-өндірістік компаниясы ҚР-дағы өндірісін тоқтатуды жоспарламайды, бірақ өнім экспортының деңгейін біртіндеп төмендетеді.

Компания Қазақстанда өндірісті 2018 жылы ашты және Rollton мен BIGBON сынды брендтерімен танымал. Өткен жылдары өнімнің 70% жуығы Орталық Азия, Ауғанстан, Моңғолия, Молдова және т. б. елдерге экспортталды. 

Бүгінде Қазақстанда тез дайындалатын кеспенің танымалдылығының өсуін ескере отырып, компания даму бағытын өзгертуге ниетті — енді еліміздің ішкі нарығына баса назар аударылатын болады.

Бірте-бірте экспорт деңгейі 30% дейін төмендейді. ОА елдерін холдингтің жаңа бизнес-бірлігі – 2022 жылы Өзбекстанда ашылған «Маревен Фуд Памир» ЖШҚ жабады.

Стратегияны өзгерту шешіміне бірнеше факторлар әсер етті:

— Қазақстандағы ТДК нарығының өсуі (Nielsen Kazakhstan есептеріне сәйкес, 2022 жылы заттай көріністе 12% астам)

— кәсіпорынның өндірістік қуатының шыңына жетуі

— экспорттық ҚҚС қайтарылмауы (бүгінгі күні сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды)

Анна Орлова

«Маревен Фуд Тянь-Шань» Маркетингтік коммуникациялар қызметінің бастығы