«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы барысында 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Аталған шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау мақсатында өткізілді.

Үш күндік шара барысында тәртіп сақшылары 707 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде 30-дан астам ата-аналардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы. «Ұсақ бұзақылық» бойынша 41 факті анықталып, жасөспірімдерді түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ұстауға рұқсат берудің 34 фактісі анықталды.

Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерінің алып жүруінсіз үйлерінен тыс жерде жүрген 512 кәмелетке толмаған және түнгі сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 76 жасөспірім анықталды. Нәтижесінде Полицейлер 51-і құқық бұзушылыққа бейім және 48-і тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды есепке қойды. Олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша , түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер атап өткендей, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Түркістан облысы ПД