Таразда түнде көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды

түнде

Жамбыл облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. 10 күн ішінде полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген 6 қылмыскер, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап немесе алып жүргені үшін 16 адам және 14 заңсыз жүрген мигрант ұсталды. 84 қылмыс ашылды.

Барлығы 10313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 2298 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 592 фактісі, алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 629 тұрғын жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 289 бұзушы жауапқа тартылды.

Түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде болған 955 кәмелетке толмаған анықталды.

Рейдтер барысында 34 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген, ал 10 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

1220 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін, 3349 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 286 көлік қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіп пен жол ережесін сақтауға шақырады.

Жамбыл облысы ПД