Таразда автобус жүргізушісі жол-көлік апатын жасады

2024 жылғы 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында келе жатқан №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тұрақта тұрған автокөліктерге (10 бірлік) соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болып, оның біреуі – 56 жастағы әйел дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. ЖКО орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі