Түркістанда білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

2026 жылғы 19 тамызда Түркістан қаласындағы «Congress Hall» кешенінде «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті.

Аталған конференцияда Департамент басшысы Е. Қарымсақов «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында баяндама жасап, сапалы білім мен адал тәрбиенің маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланып, білім беру ұйымдарында заңдылық пен тәртіпті сақтау қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, білім беру саласында адалдық қағидаттарын орнықтыру, жастардың құқықтық сауаттылығы мен кәсіби әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы қоғамның әр мүшесінің жауапкершілігіне байланысты екеніне тоқталды.