Түркістандық оқушылар шахматтан Азия чемпионатында жеңіс  тұғырынан көрінді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аль-Айн штатында 12-22 желтоқсан күндері классикалық және блиц шахматтан 8-18 жас арасындағы жасөспірімдердің қатысуымен Азия чемпионаты өтті. Халықаралық жарыс «Al Ain Chess Club» шахмат клубының және Азия шахмат федерациясының (ACF), ФИДЕ, Біріккен Араб Әмірлігі шахмат федерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған.
Азияның 41 елінен 630 шахматшы қатысқан байрақты бәсекеде түркістандық 4 шахматшы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Әсия Асылхан мен Әселай Сайдулла күміс медальға ие болса, Даяна Данабекқызы мен Нұрислам Сұлтанхан қоладан алқа тақты. Ал Әсия Асылхан блиц турнирде І орын, рапид және классика түрлерінде ІІ орын алып, үш медальмен марапатталды. Түркістан қалалық «Балалар және жасөспірімдер спорт клубының» қолдаушылары — Сұлтанхан Нурислам, Даяна Балтабек. Оларды БЖСК шахмат нұсқаушысы Алима Хайдарова жетекшілік етіп, БАӘ еліне бірге алып барды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі