Түркістан қаласында Түркістан қалалық полиция басқармасында қызметкерлермен жиналыс өтті. Жиналыста Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев сөз сөйлеп Түркістанды қауіпсіз қала қылу- екенін жеткізді.
Түркістан – руханият орталығы әрі қауіпсіз қала. Біз осы ұстанымды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Біз әрқайсысымыз ант қабылдадық және сол антқа берік болумыз керек. Мемлекетіміздің, елдің тыныштығы үшін қызмет қыламыз. Бұл ретте, киелі шаһардың тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттер мен Президент, министрлік тапсырмаларын бұлжытпай орындауға күш салып келеді. Біз үшін басты құндылық – адам мен оның құқығы. Барша әріптестерімізді, Түркістан тұрғындарын бізбен бірлесе жұмыс істеп, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге шақырамын. Қоғам мен мемлекеттік мекемелер өзара үйлесімді байланыс орнатса ғана мемлекетіміз дамиды, Түркістан қаласын рухани қауіпсіз қала қылу біздің міндетіміз, соған жұмыс жасаймыз – деді қорытынды сөзінде Б. Жанаев.
Айта кетсек, бүгінде Түркістан қаласының Полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етуде, оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспекторлары қоғам тыныштығына үлес қосуда.