«Әділет органдары жүйесінің 30 үздігі» жобасы іске асырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ел тарихы үшін айтулы күн. Осы жылдар ішінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси және құқықтық саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Тәуелсіздік қарсаңында Әділет министрлігінде алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен «Әділет органдары жүйесінің 30 үздігі» жобасы іске асырылды.Үздік қызметкерлер қатарына 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, сондай-ақ өзінің кәсіби өмірін жақында ғана саламен байланыстырған, сонымен қатар заңнама, сот сараптамасы, сот орындау, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру салаларында, сондай-ақ қаржы саласында жетістікке жеткен қызметкерлер кірді.Ең үздік 30 қызметкердің қатарына әділет саласында отандық құқықтық жүйенің қалыптасуы мен жұмыс істеуіне елеулі үлес қосқан әріптестер. Жобаны одан әрі дамыту жоспарлануда, ол Әділет саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жаңа тұлғалармен толықтырылады.

Түркістан облысының Әділет департаменті