Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдар жөнделуде

Түркістан облысында автомобиль жолдарды жаңартуға күш салынуда деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, бүгінгі таңда Сайрам және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автожолының 22,5 шақырым жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл автожолдың 14 шақырымы жөнделді, ал қалған 8,5 шақырымын биылғы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын «СитиСтрой» ЖШС мердігер мекеме жүргізуде. Қазіргі таңда аталған жолдың құрылыс жұмыстары аудан орталығы – Ақсукент ауылында жүргізілуде.