Түркістан облысының полицейлері ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов атап өткендей: «Өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданының тұрғыны біздің назарымызға түсті. Негізінен ол бұрын сотты болған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. ҰҚТ қарақшылықпен, бопсалаумен, тонаумен, қару-жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан. Криминалдық полиция қызметкерлері Сайрам ауданының аумағында ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар ҰҚТ қатысушысын анықтау бойынша жедел іс-шараларды бір жарым ай бойы жүргізді. Бірлескен операция нәтижесінде Түркістан облысы бойынша криминалдық полиция және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Кентау қаласынан күдіктіні ұстады. Оны қалалық полиция бөлімінің УҰИ-ға қамады. Тергеу барысында ер адамның ойын бизнесін ұйымдастыруға және оны қолдап отырғаны, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыстық топ құруға қатысы бар екендігі дәлелденді. Аталған жайт ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» және ҚК-нің 1 және 2-бөлімдерінің 262-бөлігі «ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша тіркелді.Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.»- деп қорытындылады полиция подполковнигі.

ТО ПД баспасөз қызметі