Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл — Алипбек Балжан Мадиқызы

Еліміз жаңа тарихи жағдайларда дамуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет жүйесін құруға ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы 2015 жылғы мамырда «Ұлт Жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформалық бағдарламасын жария етті. Бұл құжатта ең алғашқы өзекті міндет ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі алға қойылған. Елбасының осы Ұлт жоспарының 12-қадамында жазылған «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілгені белгілі. Осы орайда Түркістан облысының Әділет департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы тағайындалған. Әдеп жөніндегі уәкіл — қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну болып табылады. Әдеп жөніндегі уәкіл — мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.ЗАМЕСТИТЕЛЬ РУКОВОДИТЕЛЯ ДЕПАРТАМЕНТА ЮСТИЦИИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, УПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ — АЛИПБЕК БАЛЖАН МАДИЕВНА Страна уделяет особое внимание созданию системы государственной службы, обеспечивающей развитие в новых исторических условиях. В мае 2015 года Глава государства озвучил программу реформ «План Нации — 100 конкретных шагов по реализации Пяти институциональных реформ». В данном документе в качестве первой актуальной задачи ставится вопрос формирования профессионального государственного аппарата. «Внедрение новых этических правил, изложенных в шаге 12 настоящего Плана нации. Разработка нового этического кодекса государственной службы. Введение должности уполномоченного по этике» с 1 января 2016 года принят этический кодекс и введена должность уполномоченного по этике. В этой связи в департаменте юстиции Туркестанской области назначено должность уполномоченного по этике.Уполномоченный по этике — государственный служащий, осуществляющий деятельность по обеспечению соблюдения норм служебной этики и профилактики нарушений законодательства о государственной службе, противодействии коррупции и Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан, а также консультирующий в пределах своих функций государственных служащих и граждан. Основными функциями уполномоченного по этике являются оказание консультативной помощи, предупреждение нарушений норм служебной этики, защита прав и законных интересов государственных служащих и формирование культуры взаимоотношений, соответствующей морально-этическим нормам, обращение в установленном законодательством порядке к соответствующим должностным лицам с рекомендацией о рассмотрении ответственности государственных служащих, допустивших нарушение норм служебной этики. Уполномоченный по этике — работает, руководствуясь этическим кодексом государственных служащих, Конституцией Республики Казахстан, законами «О противодействии коррупции» и «О государственной службе Республики Казахстан».