Түркістан полицейлері танысының 150 қап күрішін сатып жіберген алаяқты ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. Оның айтуынша танысы 150 қап күрішін аудандағы дүкендерге апарып сатып беремін деп сендірген. Алайда танысы күрішті алған сәтте хабарсыз кеткен. Өзінің алданғанын сезген жәбірленуші бірден полицейлерден көмек сұраған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1.100 000 теңге. Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Күдіктінің баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. Соның нәтижесінде полицейлер күдіктіге қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстап полиция бөліміне жеткізді. Бүгінде орта жастағы күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Сондай-ақ күдікті оңай жолмен ақша тауып, өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қолхатта. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді.