Тұрмысы төмен азаматтар қоғам назарынан тыс қалмайды

Түркістан облысында биыл 240 мыңнан астам адам Атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл республика бойынша  ең жоғары көрсеткіш. Себебі біздің өңірде демографиялық көрсеткіш жақсы. Сонымен қатар еліміздегі әрбір үшінші көпбалалы отбасы біздің өңірде тұрады. Ендігі мақсат — оларды жұмыспен қамтып кедейлік деңгейіне түсірмеу.  

         Түркістан облысында халық саны 2 млн 87 мың. Соңғы үш жылда 5 пайыздан аса өсім бар. Республика бойынша көпбалалы аналардың 3-тен бірі біздің өңірде өмір сүреді. Биыл Түркістан облысында 42 781 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл мақсатқа  18 млрд 800 млн теңге   жұмсалады. 

         Кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 50 мыңнан аса бала қамтылады, Бұған 3,8 млрд теңге бағытталады.  АӘК алушылардың еңбекке қабілетті 51 мыңға жуық азаматын жұмыспен қамту көзделген.    Оның жартысынан астамы жұмысқа орналасқан.  

         Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларда қолдаусыз қалмайды.  Олар үшін облыста «Қамқорлық» бағдарламасы іске асырылуда.Осы бағдарлама аясында 1031 отбасыға демеушілер тарапынан 260 млн теңгеден аса қаражатқа  көмек берілді.  23 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 

Ntime.kz