Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды. Балаларға базарлық.

Арыс қаласы балаларға арналған тағы бірқатар спорт және балалар ойын алаңшасымен толықты. Көктемде қала әкімі Гүлжан Мамытқызының жеке қабылдауында болған Арыс қаласының тұрғыны, қалалық мүмкіндігі шектеулі серіктестік қоғамының төрағасы Серік Жаппарқұл Әйтеке би көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңшасы қайта жаңартып берілсе деп тілек білдірген. Тұрғынның тілегін ден қойып тыңдаған қала басшысы әр азаматтың өтініш-тілегі жауапсыз қалмайтынын айтып, тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеген болатын. Бүгін қаламыздың 65 жылдығы қарсаңында тұрғындардың өтініші бойынша, ескірген алаңшаның орнына заманауи үлгідегі бірқатар спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ел игілігіне қолданысқа берілген спорт алаңшалары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетініне сенім білдірген тұрғындар қала әкіміне алғыстарын жаударды. Айта кетейік, қала басшысының тапсырмасына сәйкес, қаламызда және Ақдала, Дермене, Қызыл көпір, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай және Монтайтас ауыл-елді мекендерде орналасқан жалпы саны 15 балалар спорт алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар, қала және елді мекендерде 16 балалар ойын алаңшалары, 16 көше тренажер алаңшасы, 12 футбол алаңшасы салынып жатыр.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі