Тәуелсіздік құрдастары марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ-де тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өткізіп, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады. Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Исембаева Алтынай Бибитжанқызы, «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің менеджер кеңесшісі Құрманәлі Азамат Сәулетұлы және «Алғыс хатпен» «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ әкімшілік бөлімінің персоналды басқару іс жүргізу маманы Сұлтанқұлова Гүлфира Мырзабекқызы, «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің менеджер кеңесшісі Мырзаева Салтанат Күмісбайқызы марапатталды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі