Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда дін саласының орны ерекше. Осыған байланысты Төлеби ауданында діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және жастарды жат діни идеологиялардың ықпалынан қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу.
Діни сауаттылық – әрбір азаматтың дін туралы дұрыс әрі сенімді ақпаратқа ие болуы, діни мәселелерде саналы көзқарас қалыптастыруы және күмәнді ақпаратты ажырата білуі. Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер арқылы түрлі жалған діни ақпараттар кеңінен таралуда. Сондықтан тұрғындардың, әсіресе жастардың діни білімін арттыру – уақыт талабына айналып отыр.
Төлеби ауданында ақпараттық-түсіндіру топтарының қатысуымен білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында және ауылдық елді мекендерде кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. Бұл іс-шараларда дәстүрлі діннің құндылықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері және заң талаптары жан-жақты түсіндіріледі.
Сол кездесулнрдің бірі Төлеби ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Мырзабай Қайсар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және азаматтардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың теріс ықпалы, діни ақпараттарды сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Жастарды деструктивті және заңмен тыйым салынған діни ағымдардың ықпалынан қорғауда отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғам белсенділерінің және дін саласы мамандарының бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Ұлттық салт-дәстүрді, мәдени мұраны және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен рухани иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігі, отбасы институтының рөлі, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теологиялық және құқықтық тұрғыда нақты жауаптар берілді.
Төлеби ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру – қоғамның қауіпсіздігі мен ел бірлігін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Әрбір азамат діни мәселелерде жауапкершілік танытып, тек сенімді ақпарат көздеріне сүйеніп, қоғамдық келісім мен өзара сыйластықты сақтауға үлес қосуы қажет.
