Фархат Шәріповтің фильмі гран-при жеңіп алды

Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінің Generation бағдарламасында бас жүлдені жеңіп алды.

Generation-Берлиналедегі балалар мен жасөспірімдер фильмдеріне арналған байқау бөлімдерінің бірі. Фильмнің режиссері мен оның командасы 7500 евро ақшалай сыйлық алды.

«Біз Берлиналенің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Барлық түсірілім тобына сенім артқаны үшін, атқарған жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Жас актерлерімізге, сондай-ақ Берлиналені ұйымдастырушыларға бізді шақырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің ұсынғанымыз жастар мен жасөспірімдер туралы фильм болғандықтан, бұл байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз», — деді режиссер.

«Схема» көркем картинасы — сенсациялық «18 килогерц» фильмінің трилогиясының екінші бөлімі және жасөспірімдердің өмірі туралы баяндайды. Бұл фильмде режиссер қазіргі әлемнің шындығына айналып отырған нашақорлық тақырыбын көтереді.

2019 жылы картина сценарийі ҰКҚО алғашқы питчингінің нәтижелері бойынша мақұлдау алды және мемлекеттік қаржыландырумен қолдау тапты. Фильмнің түсірілімі Алматыда өтті. Басты рөлдерді дебютант актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов ойнады.

Айта кетейік, «18 килогерц» трилогиясының бірінші бөлігінің әлемдік премьерасы Варшава халықаралық кинофестивалінде өтті, онда кинотаспа сенсациялық түрде Гран-приді жеңіп алды. Зара Есенаманның «Хардкор» кітабы бойынша түсірілген картина 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі туралы баяндайды.

ҚР МСМ Баспасөз орталығы