Шаңырақ – бірліктің символы

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс залында «Шаңырақ — бірліктің символы» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Бағдат Алмас, колледждің тәрбие жөніндегі орынбасары Берік Құдайбергенов және колледждің 1 курс студенттері қатысты.

Базарбай Мамадиярұлы — Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және өз құқықтары мен жауапкершілігін білу қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында Бағдат Алмас — Шаңырақ ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен берекенің киелі символы. Қазақ мәдениетінде ол отбасыны, ал мемлекеттік деңгейде — ұлттық бірлікті білдіреді, сондықтан ол Қазақстанның Елтаңбасында бейнеленген — деп, қатысушыларға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметі, жастарға көрсетілетін қолдау мен бағыт-бағдар жөнінде ақпарат берді.

Жастар үшін мұндай кездесулер – құқықтық білімін арттырып қана қоймай, қоғамдық келісім мен ел бірлігінің құндылықтарын терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды алаң.