Шетел жұмыс күшін қалыптастыру бойынша комиссия отырысы өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов Шымкент қаласындағы шетел жұмыс күшін қалыптастыру бойынша комиссия мүшесі ретінде осы комиссияның кезекті отырысына қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына сәйкес жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерді 1 қазанға дейін енгізуі тиіс.2021 жылы Шымкент қаласында шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 квота бөлініп, 31 кәсіпорынға 237 шетел азаматы жұмысқа тартылған. Ағымдағы жылы 41 мекемеден 914 шетел жұмыс күшіне сұраныс түскен. Комиссия отырысына арнайы шақыртылған осы мекемелердің өкілдері сұратылған жұмыс күшінің қажеттілігі туралы комиссияның сұрақтарына жауап беріп, өтінімдердің негізділігіне қатысты түсіндірмелер берді. Нәтижесінде мекеме өкілдерінің жауаптарын және осы бос орындарға Қазақстан Республикасы азаматтарынан үміткерлердің болуын ескере отырып, 2022 жылға әр мекемеге берілетін квота мөлшерін бірауыздан бекітілді.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы