Шымкентте лас көліктің иесіне айыппұл салынды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында, қалада абаттандыру қағидасын бұзған, лас жүк көлігін анықтаған. Қаладағы Бәйдібек би көшесінің бойында “HOWO” маркалы автокөлігі лас екендігі анықталып, тоқтатылды. Жүргізушіге бұл жағдай заңсыз екендігін түсіндірді.Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу) әкімшілік хаттама толтырылды.Құрметті жолаушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі