Шымкенттік полицейлер 400 адам жиналған Ақтас жайлауындағы көкпарды тоқтатты

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы кезекті көкпар ұйымдастыру жайтын анықтады деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.

Ұлттық спорт жанкүйерлері карантиндік шектеулерге қарамастан Ақтас жайлауында көкпар ұйымдастырған. Аталған жайт бойынша полицейлер бірден әрекет етіп, көкпар ойынын тоқтатты.
Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар жинақтап, заңды шара көру үшін тиісті басқармаға жолдады.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардан карантиндік шектеулерді, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырады.
Ақтас егістік алқабындағы 400-ге жуық адам жиналған көкпар ойынының ұйымдастырылуына жеміс-жейдек базарының ашылуы себеп болған. Полицейлер белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіп, тарқатты. Құрметпен,

Шымкентские полицейские остановили кокпар, в котором собралось 400 человек


Сотрудники Управления полиции Аль-Фарабийского района Департамента полиции города Шымкент установили, что на жайляу в поселке Актас жители, несмотря на карантинные ограничения, организовали «кокпар» передает ДП города Шымкент.
Полицейские оперативно среагировали и остановили игру.
Собранные по данному факту материалы направлены в соответствующее управление для принятия мер по статье 425 КоАП РК (Нарушение требований законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, а также гигиенических нормативов) в отношении местного жителя.
Поводом для организации кокпара стало открытие овощного рынка. В результате проведенных разъяснительных работ, собравшиеся разошлись.
Сотрудники Управления полиции Аль-Фарабийского района призывают граждан соблюдать карантинные ограничения и санитарно-эпидемиологические нормы.