Шымкенттік тәртіп сақшылары бір аптада 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықтады

Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары көшелерде, қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.Мәселен, бір жеті ішінде тәртіп сақшылары Қаратау ауданы аумағында 335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау — 75 құқықбұзушыны (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша), кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы — 51 (ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша), ҚР-да тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған – 35 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу- 17 құқықбұзушыны (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) анықтаған. Сондай-ақ, , алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша — 20 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы — 59 азаматқа (ҚР ӘҚБтК 615-бабымен) және өзге де құқықбұзушылықтар бойынша 78 тұлғаға хаттама толтырылды.Осы орайда, тәртіп сақшылары азаматтарды заң бұзушылыққа жол бермеуге және қоғам тынышын сақтауға шақырады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі