Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» басшысы ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-на қамалды.

ҚР СЖҚІА баспасөз орталығы