Қазақстанда экология туралы қазақ тіліндегі ақпараттық-талдау сайты іске қосылды

Алматы, 14 шілде. — Қазақстанда Ecoinfo.kz атты экология туралы ақпараттық-сараптамалық портал іске қосылды, оны «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ құрастырды. Порталдың басты міндеттері – қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару және ел тұрғындары арасында экологиялық ағартуға ықпал ету. Сайттың көмегімен команда Қазақстандағы және дүнижүзіндегі экология мәселелерін жариялайды, сондай-ақ жаңалықтармен, ғылыми зерттеу қортындысы және басқа да пайдалы ақпаратты бөліседі. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорымен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

«Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ экологиялық ағарту саласында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақ тіліндегі экология мәселелері туралы ақпараттың жетіспеушілігі Ecoinfo.kz порталын құрудың алғышарты болды, сондықтан оның көмегімен команда Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі кезде елдің дамуының шарттарының бірі азаматтық қоғам құру. Азаматтық
қоғамды құрудың алғышарты қоғамдағы ақсап тұрған қайсібір салаға өз ұстанымыңды білдіріп соның шешілуіне әрекет ету. Экология кезек күттірмейтін тақырып», — дейді жоба жетекшісі Бағдат Құдияр.

Қазір команда порталды жаңа материалдармен жаңарта отырып, аудитория мен оқырмандарды арттыру үшін жұмыс істеп жатыр. Сайттан жергілікті экобелсенділермен және эковолонтерлермен сұхбаттарды, эко-тауарларға шолуларды, бейіндік мамандарға ғана емес, эко-тақырыпқа қызығушылық танытқан қазақстандықтарға да пайдалы болатын әлемдік зерттеулердің нәтижесін табуға болады.

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация менеджері