Қазақстандық импорттаушылар үшін Ресей Федерациясынан аяқ киім әкелудің әдісі жеңілдетілді

Leather shoes. Original public domain image from Wikimedia Commons

2022 жылдың 28 қарашасынан бастап ЕАЭО кодтарын өзара тануға байланысты ресейлік деректер матрицалық кодымен таңбаланған аяқ киім өнімдерін Қазақстанға әкелу және айналымға шығару тәсілі жеңілдетілді.

Тауарды таңбалау кодтарын танудың жаңа тәсілі келесідей жұмыс істейді: Ресей Федерациясындағы тауар айналымына қатысушы, өндіруші, импорттаушы немесе дистрибьютор болсын, Ресей Федерациясының тауарларын таңбалау жүйесінде жөнелту үшін құжат жасайды, осы жерде ол ЕАЭО елдері, Қазақстанның импорттаушының деректерін, атап айтқанда ұйымның атауын, ЖСН/БСН және ел туралы ақпарат енгізеді. Одан әрі жөнелту құжатындағы деректер тауарларды таңбалау мен қадағалаудың қазақстандық жүйесіне автоматты түрде түседі, ал тауар туралы ақпарат тауарлардың ұлттық каталогына түседі. Осы мәліметтер негізінде қазақстандық импорттаушы тауарды қабылдап, оны Қазақстан аумағында тауар айналымына шығарады.

Айта кету керек, бұрын таңбалау кодтарын тану уақытша схема бойынша жүргізілсе, қазір танудың жаңа әдісі қазақстандық импорттаушылар үшін ресурстарды үнемдеуге және олардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның бірыңғай таңбалау операторы осы әдіс бойынша барлық мүдделі импорттаушылар үшін оқыту семинарын өткізеді. Тренинг 2022 жылдың 5 желтоқсанында сағат 16:00-де Teams платформасында өтеді: https://bit.ly/3EWluYi

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясында аяқ киімді таңбалау және қадағалау 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті болып табылады және таңбаланбаған аяқ киім тауар айналымына тыйым салынды. Елдер арасындағы өзара танылған таңбалау кодтары барлық қазақстандық аяқ киім импорттаушыларына ресейлік таңбалау кодтарымен таңбаланған өнімді Қазақстандағы айналымға шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстанда 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілді.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз хатшысы Алтынгүл Жанабай