Қазақстан киберқауіпсіздік саласында Молдованың серіктесі болды

Ағымдағы жылғы  қазан айында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) мен Молдова Республикасының «Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік қызметі» мемлекеттік мекемесі  (CERT-GOV-MD) Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға  қол қойды.

          Меморандум киберқауіпсіздік саласында күш-жігерді біріктіру мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) қатерлеріне және инциденттеріне әрекет ету бөлігінде ынтымақтасуды дамытуды көздейді. 

         CERT-GOV-MD – Молдованың АҚ инциденттерін үйлестірумен айналысатын ұйым болып табылатынын атап өтейік.

          Өз кезегінде, халықаралық серіктестермен ресми қарым-қатынастар орнату өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдегені себепті, Молдова Республикасымен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту екіжақты өзара іс-қимылдың нәтижелілігін арттыратыны сөзсіз.

           «МТҚ» АҚ KZ-CERT қызметі:

  • FIRST (Forum of Incident Response and Security Teams);
  • CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress);
  • OIC-CERT (Organization of The Islamic Cooperation – Computer Emergency Response Teams);
  • TF-CSIRT (Trusted Introducer for Security and Incident Response Teams);
  • APWG (Anti-Phishing Working Group);
  • APCERT (Asian Pacific Computer Emergency Response Teams) сияқты және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатынын естеріңізге салайық.

       Жалпы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту нәтижесінде «МТҚ» АҚ әлемнің 100-ден астам елдерімен әрекеттесуде. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы ынтымақтастық екі елдің де АҚ қамтамасыз ету саласына оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз. 

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Баспасөз қызметі