«Қауіпсіздік-әр үйге!»

Өрттерді алдын алу және адамдардың өлімін болдырмауға бағытталған,»Қауіпсіздік – әр үйге!» профилактикалық акциясы аясында Еңбекші аудандық ТЖ басқармасының насихатшылары қалалық әкімдіктің газ техникалық инспекциясы бөлімінің өкілдерімен бірге Сасбукаев, Алдияров көшелеріндегі жатақханалардың тұрғындарымен профилактикалық іс-шара өткізді. Айта кету керек, бұл үйлерде табиғи газ жоқ және тұрғындар газ баллонын пайдаланады. Аудандық ТЖ басқармасының инспекторы Ақмырза Бабаш өрттердің пайда болуының негізгі себептері туралы айтып, қайғылы оқиғаның себебі отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған газ баллонын пайдалану кезде адамдардың қаза болуымен байланысты өрттердің нақты мысалдарын келтірді. ТЖ қызметкерлері электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу себебінен өрттерге де егжей-тегжейлі тоқтады, шұғыл қызметтердің телефондарын, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қабылдануы қажет іс-қимылдарды еске салды. Газ-техникалық инспекция бөлімінің өкілі автономды өрт дабылқаққыш туралы егжей-тегжейлі айтып берді және бұл құрылғы өртті оның дамуының ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретінін және сол арқылы қайғылы жағдайдың алдын алған өрттердің нақты мысалдарын келтірді. Іс-шара соңында барлығы тақырыптық көрнекі-бейнелеу өніміне ие болды.

Ж.Ахметов Еңбекші ауданы ТЖ басқармасы