ҚР АҚДМ-де БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ өкілімен кездесу өтті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейроның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында кездесу өткізді. А.Балаева азаматтардың ақпаратты еркін алуға және таратуға конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның дәйекті қадамдары, сондай-ақ пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау және кірістерді қысқарту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Министр БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, А.Балаева Т. Рибейроны министрліктің БАҚ-ты дамыту саласындағы түрлі жобалары аясында өзара жемісті жұмысқа шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар БАҚ-ты дамыту саласының барлық негізгі мәселелері бойынша байланысты дамытуға келісті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі