Құрметті әріптестер! Ардақты ардагерлер!

Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл мерекені қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, қылмысқа қарсы күрес жүргізу және ел тыныштығын қорғау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшысы атағына лайықты азаматтар атап өтеді.

Бұл күні біз өмірінің соңына дейін антқа адалдық танытып, қаза болған әріптестеріміздің жарқын бейнесі алдында басымызды иеміз.

Сонымен қатар, ардагерлерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Олар қазақстандық полицияның даңқты  дәстүрлерін   жалғастырып, жас қызметкерлермен өздерінің баға жетпес тәжірибесін бөлісіп, үлгі болуда. 

Полиция қызметкерлерін әрдайым қолдайтын олардың отбасыларына жеке алғысымды білдіремін.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрқашанда анттарыңызға адал болып, қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүріңіздер!