Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады. Бүгін осы тақырыптағы профилактикалық іс-шара Шымкент қаласының 75 мектеп-гимназиясының 6-7сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шараға мектеп директоры А.Д.Оразбаева мен инспектор Байсейітов С. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды баяндап, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шарада оқушылар мамандарға тақырып аясында сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Мұндай басқосулардың жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға септігі мол.
Сонымен қатар осы мектепте оқушылармен жиын өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Осындай өзекті мәселе мектебімізде өткен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты жиынында қаралды.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.