Құрылыс жұмыстарымен танысты

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының әкімдігі жанынан Жол картасын іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі комиссиясының мүшесі Руслан Ақжігітов қала бойынша бекітілген Жол картасы шеңберінде бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың орындалуын қадағалау мақсатында комиссия мүшелерімен бірге қалалық Құрылыс басқармасының 3 жобасын аралады деп хабарлайды Ntime.kz . Аралау кестесіне сәйкес, Еңбекші ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Ю.Сайрами №5 көшесі бойындағы оқу корпусының құрылысы және тұрғын алаптағы №12 спорт мектебінің құрылысы барысымен, сондай-ақ, Б.Майлин көшесіндегі №4 ғимаратта орналасқан балалар шығармашылық орталығының құрылысымен танысты.