«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, облыс әкімдігінің, сондай-ақ облыстың аудандары әкімдіктерінің ресми сайттарында орналастырылған (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).

Конкурс құжаттарын аудандар әкімдіктерінің ресми сайттарында көрсетілген электрондық пошталарына жолдау қажет және қосымша сұрақтар бойынша сол сол сайттардағы телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.