Үздік жастар марапатталды

Бүгін ел егемендігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында киелі ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастар аудан әкімінің «Үздік жастар премиясымен» марапатталды. Озаттарға арналған «Үздік жастар премиясын» жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жылғы бұл шараның ерекшелігі егеменді еліміздің 30 жылдығына орай, 30 номинация бойынша қатарынан оза шапқандар марапатқа лайық деп танылды.Салтанатты рәсім соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары әсерлі әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айдос Кулмаханов