«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен онлайн форматта үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, Татуластыру орталығының басшысы қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Кәсіподақтар күніне орай 2021 жылғы 8 қазан күні өткен бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының Форумында көтерілген мәселелер, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының хаттамалық тапсырмалары аясында жұмыс жүргізу жайы талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына тапсырылатын 9 айлық және жылдық есептің нысандары бойынша баяндама жасалды.Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша:1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Кәсіподақтар күніне орай 2021 жылғы 8 қазан күні өткен бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының Форумы туралы Шымкент қаласы АКБ төрағасы Бауыржан Әлтеевтің баяндамасы назарға алынуы;2. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының тапсырмалары туралы Шымкент қаласы АКБ төрағасы Бауыржан Әлтеевтің баяндамасы назарға алынып, салалық кәсіподақ филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың басшылары Федерация тарапынан түсетін хаттамалық тапсырмалардың дер кезінде сапалы орындалуын қамтамасыз етілуі;3. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына тапсырылатын 9 айлық және жылдық есептің нысандары бойынша Шымкент қаласы АКБ төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітовтың баяндамасы назарға алынып, салалық кәсіподақ филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың басшылары аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне есептік мәліметтердің дер кезінде берілуі керектігі шешім етілді.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы