Өрт сөндірушілер жанып жатқан газ баллонын алып шықты

Жылыту маусымының басталуымен Шымкент құтқарушылары пештердің, газ жабдықтарының жай-күйін тексеру және азаматтарды өңірдегі өрт жағдайы туралы хабардар ету үшін 400-ден астам жеке секторды аралап шықты. Көптеген жағдайларда пештерді, газ баллондарын және жабдықтарды пайдалану кезінде адамдардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайтын абайсыздығынан және немқұрайлығынан өрт туындайды. 2022 жылдың 11 ақпанында «101» басқару пультіне Қаратау ауданы Сейхун көшесіндегі жеке үйдің ауласында газ баллонының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жедел жетіп барды. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір 50 литрлік газ баллоны ашық отпен жанып жатқан, ал екіншісі баллон жанында тұрған. Бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Дархан Жүкебаев ойланбастан жанып жатқан газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Екі минут ішінде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.Сыйымдылығы 50 литр құрайтын екі газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 13 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы